• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Тұжырымдама

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылғы тамыздағы Жарлығымен қабылданған 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі мемлекеттің құқықтық саясатының тұжырымдамасы. Тұжырымдама алдағы онжылдыққа құқықтық саясатты айқындайды, ұлттық құқықтық жүйені дамыту мен нығайту бағдарламасында жаңа кезеңді ашады. Өткен жылдар ішінде қолданыстағы құқықты жетілдіру жөнінде біршама жұмыс атқарылды. 2007 жылға дейінгі конституциялық реформа жүргізілді. Мемлекет үлгісінің президенттің-парламенттік республикаға біртіндеп қалыптасуы басталды. Мемлекеттік және қоғамдық институттарды демократияландыруға ықпал ететін негізгі бағдарламалар іске асырылуда.

Ағымдағы жылдың тұжырымдамасы мемлекеттің нормотворчестволық және құқық қолдану қызметін әрі қарай жетілдірудің іргелі ғылымыи негізіне айналды. Тұжырымдамада негізгі назар құқық қорғау органдарының қызметінің басымдық бағыттарының бірі ретінде қылмыстық құқықты дамытуға бөлінген.

Тұжырымдама қылмыстық заңнаманы әрі қарай жетілдірудің жолдарын нақты айқындайды: біріншіден, қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген ауыр және аса ауыр қылмыс жасауда кінәлі адамдарға қатысты қатаң қылмыстық саясатты жүргізу, сондай-ақ қылмыстың қайталануы кезінде кәмелетке толмағандарға, ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қоғам құрамында жасалған қылмыстарға олардың құқықтары мен заңды мүдделеріне озбырлық жасалған кездегі қылмыстарға қылмыстық жауапкершілікті күшейту, екіншіден, үлкен қоғамдық қауіп туғызбайтын құқық бұзушылықты қылмыс деп танымау, шағын және орташа деңгейде алғаш рет қылмыс жасаған адамдарға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобы – жүкті және жалғыз басты әйелдерге, егде жастағы және кәмелетке толмағандарға әлеуметтік  қатысты бас бостандығынан айырумен байланысты емес ізгілендіру, қылмыстық жазаларды қолдану аясын кеңейту. Дәл осы мәнмәтінде қажетті жағдайла құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерінің криминализациясы жүргізіледі және алғаш рет экологиялық, экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстардың кейбір санаттарына заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершіліктерін енгізу туралы тұжырымдамада маңызды бөлік ұсынылады.

Заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкерішіліктерін енгізу білгілі бір дәрежеде еліміздің халықаралық міндеттемеі болып табылады. БҰҰ-ның конвенцияларында сыбайлес жемқорлық пен Қазақстанмен ратификацияланған траснұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы әрбір қатысушы мемлекет нағыз конвенцияларға сәйкес осындай болып танылған қылмыстарға қатысқаны үшін жауапкершілікті белгілеу үшін осындай шаралар қабылдайтындығы туралы бекітілген. Заңды тұлғаларға қатысты тиімді, өлшемдес және қылмыстық немесе қылмыстық емес ықпалды ұстап тұратын санкциялардың қолданылуын қамтамасыз етеді.  Заңды тұлғаның қылмыстық жауапкершілігі АҚШ, Ұлыбритания және Қытай сияқты елдерде қолданылады. Жауапкершіліктің мұндай үлгісі посткеңестік кеңістікте енгізілді және 2003 жылдан бастап Молдова Республикасында қолданылуда.  Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде біз мұндай институтты заңнамалық тұрғыдан бекітудің шетелдік тәжірибесін зерделеуді қажет деп санаймыз. Қылмыстық заңда оның енгізілуі қызығушылық туғызады.

Себебі, Қазақстанда заңды тұлғаларға қатысты әрекет ететін  әкімшілік тәжірибе әкімшілік құқық бұзушылықтардың, әсіресе, экологиялық заңнаманың бұзылуы туралы жекелеген түрлерінің криминализациялануын қажет етеді.  Әкімшілік мәжбүрлеудің қолданылып жатқан шаралары құқық бұзушылықтың ауыртпалығы мен мемлекетке келтірілген залалдың көлеміне барабар емес болып барады. Қылмыстық құқықты дамытудың маңызды бағыты қылмыстық жазалаудан босату шарттарын кеңейту арқылы қылмыстық қуғын-сүргінді қолдану аясын кезең-кезеңмен қысқартудың мүмкіндіктерін айқындау болып табылады. Біздің ойымызша, қылмыстық жазалаудан босатуға үлкен қоғамдық қауіп туғызбайтын, сондай-ақ абайсыздан орташа деңгейде қылмыс жасаған адамдарды ұсынуға болады. Қылмыстық жазалауға ұқсас мемлекеттік мәжбүрлеу мен өлім жазасын қолдану аясын қысқартумен байланысты шараларды енгізумен байланысты мәселелер айрықша мәнге ие. Ізгілік жағдайларында қылмыстық жазалаудың тиімді түрлерінің бірі ретінде айыппұл салуды кеңінен тәжірибеге енгізуді ұсынамыз. Сондай-ақ соғыс уақытында жасалған әскери қылмыстардың кейбір түрлеріне өлім жазасын қолдану мәселелерін қайта қарастыру мақсатқа сәйкес.  Бұл бастыққа қатысты зорлық іс-әрекеттерге, дене мүшесін зақымдау арқылы әскери қызметтен жалтару, билікті асыра пайдалану немесе биліктің әрекет етпеуіне қатысты. Бұл әрекет жұрт алдына немесе БАҚ-ты пайдалана отырып, жасалған болса, қолданыстағы заң бойынша ықтимал әлеуметтік және өзге де қастастық немесе алауыздықты қозғағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту ұсынылады. Ұйымдасқан топтар мен қоғамдастықтардың мәселелері заңнан тысқары қалып отыр. Олардың мақсаты ұлтшылдық идеяны насихаттау, заңсыз діни ағымдарды дамытудан тұрады.

Әлеуметтік және өзге де жауласуды қоздыруға бағытталған экстремистік мағынадағы діни әдебиетті және өзге де ақпараттық-насихаттау материалдарын дайындау, сақтау және таратуға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.  Қазіргі уақытта қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық заңнаманы жетілдіруге бағытталған тұжырымдаманың негізгі ережелері бірізді түрде іске асырылуда. Оның ішінде, Бас прокуратурамен заң жобасы әзірленді. Онда Қылмыстық кодекстің мақалаларының санкцияларында нұсқалықты қысқарту көзделген. Бұл қылмыстық заң нормаларының  жемқорлықтығын төмендетуге мүмкіндік береді. Қылмыстық заңнамадан айлық жалақы немесе белгілі бір кезеңге сотталған айыппұлды өзге де табыс көлемінде айыппұл есептеу жойылады. Осы түзетуді қабылдау айлық есептік көрсеткіш бірлігінде айыппұлды есептеуді орнатады. Бұл орындаушылық өндірістің процеудараларын қысқартады.  Заң жобасымен қылмыстық заңның бірқатар мақалаларында бас бостандығынан айыру мерзімдерінде төменгі және үстіңгі шектеулер арасындағы дәйексіз кең қабыспаулар қысқаруда, бас бостандығынан айыру түрінде жазалау ретінде айыппұл енгізілуде, терроризм немесе террористік қызметті қаржыландырғаны үшін қосымша санкция ретінде мүлікті тәркілеу енгізілуде. Қылмыстық заң жобасы бойынша қылмыстың жаңа құрамы – қылмыс туралы өтініш немесе хабарламамен келген адамға қатысты заңға қайшы іс-қимылдар қылмыстық қудалау органы лауазымды адамының тіркеуден қылмысты жасыруы. Бұл жалпы алдын алуды, қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды қабылдау, тіркеу және қарау аясында лауазымдық қылмыстармен күресу және  профилактиканы күшейтеді, әділ сот пен соттың қорғауына қол жеткізуге азаматтардың конституциялық құқықты қамтамасыз етеді. Заң жобасымен қылмыстық процестің жосықсыз қатысушыларына көрінеу жалған түсініктеме, қылмыстық сот ісінің сотқа дейінгі кезеңдерінде жауапкершіліктен қашу мүмкіндігін жою қарастырылған. Осыған орай, әділ сотты жүзеге асыру үшін кедергілердің төмендеуі күтілуде, көрінеу жалған түсініктемелерді беру жағдайларының санын барынша азайту болжамдалуда. Алдағы кезеңге қылмыстық-процессуалдық құқықты дамытудың басымдығы адам мен азаматтың құқықтары мен еркін қорғауды, қылмыс жасауда кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке сөзсіз тартуды қамтамасыз ететін қылмыстық сот ісінің қағидаттарын бірізді іске асыру болып отыр. Ол үшін қылмысты жылдам және толық ашу, оны жасаған адамдарды әшкерелеу және  қылмыстық жауапкершілікке тарту, соттың әділ істі қарауы және қылмыстық заңды тиісті қолдану мақсатында оңтайлы құқықтық тетіктер қажет етіледі.  

Бұл ретте азаматтардың құқықтары мен еріктерінің кепілдеме жүйесін күшейту, жеке өмірге қол сұғылмауды қамтамасыз ету, жедел-іздестіру қызметінің құралдары мен әдістерін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілікті күшейту маңызды. «Әділ сотпен мәмілеге келу» деп аталатын институтты зерделеу қажет етіледі.  Құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық жасауға келіскен адамдар үшін жазалауды жеңілдетуді көздейтін жақында ғана қабылданған Ресейдің заңың зерделеуді мақсатқа сәйкес деп ойлаймыз.  Мұндай практиканың заңнамалы тұрғыдан енгізілуі құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыруға және ұлттық қылмыстық саясатты ізгілендіруге мүмкіндік береді. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен еріктерінің және заңды тұлғалардың заңды мүдделерінің шынайы қорғалуына бағытталған тергеуге дейінгі тексерудің қылмыстық-процессуалдық регламентациясы қажет. Бұл қылмыстық іс қозғау кезеңінде қылмыстық қудалау органдарының заі талаптарын қатаң орындауына жағдай жасайды және қылмысқа  қарсы тұруға тиімділікті арттырады. Жаңа тұжырымдамада құқық қорғау қызметінің ортақ жүйесінде прокуратура органдарының үйлестіру ролінің құқықтық бекітілу қажеттілігі белгіленген. Міндеті қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күресу стратегиясын әзірлеу болып табылатын құқық қорғау органдары үйлестіру кеңесі мәртебесінің заңнамалық тұрғыдан бекітілуі, құқық қорғау қызметін жақсарту, оның құқықтық реттелуін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар сөзсіз құқық қорғау органдарының жұмыс тиімділігін қамтамасыз етеді, олардың өзара іс-қимылын жақсартады, ал тұжырымдамада белгіленген құқықтық саясаттың негізгі бағыттары мемлекет пен қоғамды әрі қарай сәтті дамытуда маңызды рөл атқарады.  

Ерғали МЕРЗАДИНОВ, 

"2010 мен 2020 жылға дейінгі кезеңге ҚР құқықтық саясатының тұжырымдамасы туралы» ҚР Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы №858 Жарлығы

 

"Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы N 858 Жарлығы Көшіріп алу

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві