• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Ереже

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің
«Әскер Медиа – 2019» баспасөз фестивалі туралы
ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер
    • «Әскер Медиа – 2019» баспасөз фестивалі (бұдан әрі – Фестиваль, жылға көрсетілуі марапаттау рәсімін өткізу жылына сай келеді), жыл сайын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – ҚР ҚМ) ұйымдастырады. Бұл әскери тақырыпты жария етуде мамандандырылып жүрген барлық бұқаралық медиа өкілдері үшін ынтымақтастық, диалог және тәжірибе алмасу үшін бірегей платформа.
    • Фестиваль мынадай тапсырмаларды шешуге бағытталған:

- Қарулы Күштердің ашықтылығы мен қолжетімділігін арттыру, БАҚ-та қазақстандық әскердің қызметін объективті жария ету;

- әскери журналистиканы дамыту және телевизиялық, баспасөз және электрондық БАҚ-та бірлескен медиа-жобаларды жүзеге асыру;

- әскери тақырыпты жария етіп жүрген барлық бұқаралық медиа өкілдері үшін ынтымақтастық, диалог және тәжірибе алмасу платформасын құру; 

- Қазақстан армиясы туралы позитивтік пікір қалыптастыру, қоғам арасында әскери қызмет пен әскери дәстүрдің беделін арттыру және насихаттау;

- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне қоғамдық назарды аударту.

  1. Ұйымдастырушылар мен Фестивальді өткізу орны

2.1. Фестивальдің ұйымдастырушылары ҚР ҚМ болып табылады.

2.2. Фестиваль лауреаттарын марапаттау рәсімі Астана қаласындағы Ұлттық әскери-патриоттық орталықта өтеді.

2.3. Фестиваль ұйымдастырушылары мыналарды:

- қоғам мен Фестиваль қатысушыларына байқау шарттары туралы ақпаратты жеткізуді;

- барлық қатысушыларға арналған тең шарттарды;

- Фестивальға дайындалу және өткізумен байланысты іс-шараларды кеңінен жария етуді;

- ҚР ҚМ www.mod.gov.kz ресми сайтында және әлеуметтік желілер парақшаларында байқау туралы ақпаратты орналастыруды;

- лауреаттарды марапаттауды;

- Фестиваль нәтижелерін ресми хабарланғанға дейін оның құпиялығын қамтамасыз етеді.

  1. Фестиваль мәні және қатысушылары

3.1.Фестиваль мәні шетелдік, орталық және өңірлік (жергілікті) баспасөз, аудио және электрондық БАҚ-та орналастырылған материалдар, сондай-ақ  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметіне арналған әлеуметтік желілер мен блогтардағы авторлық материалдар болып табылады.

 3.2. Фестивальға қатысуға 2019 жылғы 1 қаңтар мен 31 қазан аралығындағы кезеңде Қарулы Күштердің іс-әрекеті туралы материалдар жариялаған отандық және шетелдік БАҚ өкілдері, блогерлер (бұдан әрі – Қатысушылар) шақырылады.

  1. Фестивальдің өткізілу барысы

4.1.Фестивальға қатысу үшін конкурстық іріктеуден өтетін өтінімдер қабылданады.

Өтініш берушілер ұйымдастырушыларға өтінімді жіберу арқылы өзін-өзі ұсыну қағидаты бойынша Фестивальға қатысу туралы мәлімдейді. Фестиваль ұйымдастырушылары бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне, қызметкерлерге және штаттан тыс редакцияға, сондай-ақ басқа елдердің азаматтарына Фестивальға қатысуға ұсыныс жасау құқығын өздеріне қалдырады.

  1. Фестивальдің номинациялары:

1)  «Бес қару» – үздік телевизиялық бағдарлама үшін;

2)  «Дауылпаз» – үздік радиобағдарлама үшін;

3)  «Алдаспан» – баспасөз БАҚ-тағы үздік материал үшін;

4)  «Сөзсемсер» – ақпараттық агенттіктегі үздік жұмыс үшін;

5)  «Айтөбел» – үздік фотожұмыс үшін;

6)  «Қамшыгер» – әлеуметтік желілер мен блог-тұғырнамалардағы үздік жұмыс үшін;

7)  «Шарайна» – өңірлік БАҚ-тағы үздік материал үшін;

8)  «Самұрық» – үздік арнайы жоба үшін;

9)  «Ақсұңқар» – өз саласының майталманы;

10) «Жасөркен» – үздік жас журналист;

11) «Ділмар» – үздік әскери шолушы;

12) «Дәнекер» – ҚР ҚК туралы шетелдік  БАҚ-тағы үздік материал.

  1. Конкурстық материалдарға қойылатын талаптар. Өтінімдерді беру және Фестивальға қатысу тәртібі.

6.1. Фестивальға қатысушылар ҚР ҚМ мекенжайына қажетті материалдармен бірге сайтқа орналастырылған үлгіні толтырып, өтініштерін ұсынады.

6.2. Ұсынылатын материалдар:

- жоғары кәсіби деңгеймен;

- тақырыптың өзектілігі және маңыздылығымен;

- тақырыптың ашылуының дәлелдемесі және тереңдігімен;

- талдамалы көзқараспен;

- көрсетілу тілінің айқындылығы, дәлдігі және анықтылығымен сипатталуы тиіс.

6.3. Фестивальға қатысу үшін мынадай құжаттар (материалдар) ұсынылады:

1) конкурс номинациясына қатысу туралы өтінім (электронды өтініш ҚР ҚМ-ның www.mod.gov.kz ресми сайтына орналастырылады), материалдың атауы, шығарылған күні, қысқаша түсініктеме, автор туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, пошталық мекенжайы, телефон нөмірі және электрондық поштаның мекенжайы) немесе ұжым, ұйым туралы (аты, электрондық мекенжайы, телефон нөмірі);

2) номинацияға байланысты:

а) үздік телевизиялық бағдарлама.

Материалдардың бейнежазбалары кемінде HD (1280Х720) H264 кодекімен жабдықталған, сканерленген эфирлік анықтамасымен интернет-ресурсқа сілтемесі бар mp4 файлында ұсынылады.

Эфирлік анықтама мыналарды қамтуы тиіс:

- телеарна атауы мен жеке меншіктік нысаны (мемлекеттік, коммерциялық және т.с.с.);

- жаңалықтық немесе өзге де бағыттылықты көрсете отырып, бағдарламаның атауы;

- телебағдарламаның (сюжеттің) шыққан күні мен уақыты;

- бағдарламаның (сюжеттің) хронометражы;

- қозғалатын тақырып, жанр;

- басшының қолы, мөрі.

Ескертпе: номинацияда телевизиялық бағдарламалар ғана қаралады.

б) үздік радиобағдарлама.

Радиобағдарламаның (сюжеттің) жазбалары сканерленген эфирлік анықтама және интернет-ресурстың сілтемесімен ұсынылады.

Эфирлік анықтама мыналарды қамтуы тиіс:

- радиостанция атауы мен жеке меншіктік нысаны (мемлекеттік, коммерциялық және т.с.с.);

- радиостанцияны тарату жиілігі;

- жаңалықтық немесе өзге де бағыттылықты көрсете отырып, бағдарлама атауы;

- радиобағдарламаның (сюжеттің) шығу күні мен уақыты;

- бағдарламаның (сюжеттің) хронометражы;

- басшының қолы, мөрі.

в) баспасөз БАҚ-тағы үздік материал.

Материалдар pdf форматта ұсынылады және анықтамамен беріледі. Онда мыналар көрсетіледі:

- басылым атауы мен тиесілігі (мемлекеттік, коммерциялық және т.с.с.);

- жаңалықтық немесе өзге де бағыттылықты көрсете отырып, материал айдарының (бөлімінің) атауы;

- материалдың шығатын күні мен уақыты;

- басшының қолы, мөрі.

г) ақпараттық агенттіктегі үздік жұмыс.

Байқау тақырыбы бойынша баспа және электрондық түрде  материалдарды іріктеу мақалаға сілтеме және мақала бейнесінің скриншоты түрінде ұсынылады.

д) үздік фотожұмыс.

Электрондық нұсқадағы түрлі-түсті және қара түсті фотосуреттер (jpg форматы кемінде 300 dpi кемінде 2 Мб  (1600*1200) рұқсатымен, фотосуреттің қысқаша сипаттамасы (тарихы) болуы мүмкін (мәтінін 1 беттен асырмау).

е) әлеуметтік желілер мен блог-тұғырнамалардағы үздік жұмыс.

Әлеуметтік желілерде немесе блог-тұғырнамаларда жарияланым немесе постының мәтіні ұсынылады, оған міндетті түрде сілтемені көрсете отырып, электрондық нұсқада скриншоттар қоса беріледі.

ж) ҚР ҚК туралы шетелдік БАҚ-тағы үздік материал.

Шетелдік БАҚ-тағы байқау материалы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы ақпаратты қамтуы және іс-шара тақырыбын толық ашуы тиіс.

Шетелдік БАҚ өкілдері өзге де байқау номинацияларына қатыса алады. Олардың материалдары ҚР ҚК-ның іс-әрекетін көрсетуі тиіс.

          з) арнайы номинацияға қатысу үшін авторлық жарияланымдар.   

Веб-адресті міндетті түрде көрсете отырып, электрондық нұсқада скриншоттар қоса берілген жарияланым мәтіні ұсынылады.

6.4. Фестивальға қатысу үшін өтінімдер электрондық үлгіде
2019 жылғы 1 наурыз бен 31 қазан аралығында қабылданады.

6.5. Өтінімді ұсына отырып, автор (ұйым) олар жолдаған материалдарды коммерциялық емес мақсатта жариялау, көрме, БАҚ-тағы Фестиваль жарнамасы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес авторлық қаламақыны төлеусіз әлеуметтік жарнамаға өздерінің келісімін растайды.

6.6. Қатысушылар ұсынған материалдар рецензияланбайды, қайтарылмайды және төленбейді.

6.7. Фестивальға қатысу бойынша барлық шығыстарды: интернетке кіру, жеңімпаздарды марапаттау орнына бару, тұру үшін тұрғынжайды жалға алу шығыстары мен өзге де шығыстарды қатысушы өз мойнына алады.

6.8. Егер Фестиваль жеңімпазы марапаттауға келе алмаған жағдайда, оған марапат пошта арқылы жіберіледі. Марапатты жөнелту бойынша шығысты ұйымдастырушы өзі жүзеге асырады.

  1. Фестивальдің байқау комиссиясы (әділқазылар алқасы)

7.1. Фестивальдің қорытындысын шығару үшін Қорғаныс министрлігінде әскери ведомствосы өкілдерін, БАҚ, әскери журналистика саласындағы еңбек сіңірген қайраткерлерді, танымал медиа тұлғаларды қамтитын байқау комиссиясы (әділқазылар алқасы) құрылады. 

7.2. Әділқазылар әрбір номинация бойынша іріктеу өлшемшартын әзірлейді, қатысушылардың жұмысын тексеруді жүзеге асырады және Фестиваль лауреаттарын марапаттауға қатысады.

Анықтама және кеңес беру тел. 72-11-42, 72-18-65

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама