• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

ӘОСК

Спорттық комитеттің қызметі – ҚР ҚМ Әскерінің орталық спорттық клубы

Спорттық комитет – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскерінің орталық спорттық клубы өз тарихын Әскердің 12-ші спорттық клубы мен Қызыл жұлдызды ортаазиялық әскери аймақтың 42-ші спорттық ротасы құрылған күннен, 1970 жылдың 30 наурызынан бастайды.

1991 жылы Ортаазиялық әскери аймақты таратуға байланысты, КСРО Қорғаныс министрінің жеке шешімімен, физикалық дайындық пен спортты дамыту саласындағы еңбегі ескеріліп, Әскердің 12-ші спорттық клубы КСРО ҚМ ӘОСК филиалы (Алматы қ.) болып қайта құрылды.

КСРО тарағаннан кейін 1992 жылдың 24 қазанында Спорттық комитет мемлекеттік қорғаныс комитетінің, ал кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ӘОСК-ы болып қайта құрылды.

1997 жылы әскерлердің физикалық дайындығы мен халықаралық спорттық байланыстар бөлімдерін енгізуге байланысты ҚР ҚМ ӘОСК-ы Спорттық комитет – ҚР ҚМ ӘОСК-ы мәртебесін алады.

Спорттық комитеттің міндеттері.

Спортық комитет - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскерінің орталық спорттық клубының осы күнгі негізгі міндеттері – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі физикалық дайындық пен спорттық-бұқаралық жұмысты дамыту, жеке құрамның оқу-жаттығу жұмыстары мен физикалық дайындығының күнделікті тәжірибесіне әдістемелік жетекшіліе жасау және ғылымның жпңп жетістіктерін енгізу, сонымен бірге халықаралық спорттық байланыстарды қалыптастыру, халықаралық жоғарғы қатардағы спортышларды, Қазақстан Республикасының, Әскер спортының бүкіләлемдік кеңесінің (ӘСБК), Азияның, әлемнің және Олимпиада ойындарының чемпиондары мен рекордшыларын дайындау, Қарулы Күштер спортшыларының республикалық және халықаралық жарыстарда жалпы командалық біріншіліктерді жеңіп алу.

Салауатты өмір салтын насихаттау.

Әскери орта қоғамымыздың үлкен бөлігін құрайды – бұл тек әскери қызметкерлер ғана емес, оның ішінде олардың отбасылары да бар. Сондықтан спорттық-бұқаралық жұиысы мәселесі – өте маңызды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында нақты мақсаттар қойды: «...елде бұқаралық спортты дамыту үшін бірлескен іс-шараларды анықтап, оларды нақты іске айналдыру керек. 30%-ға дейінгі қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы керек. Осындай жағдайда ғана біз дамуды көре аламыз». Әскерлерде өткізілетін спорттық іс-шаралар.

Спорттық комитет белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

ҚР Қарулы Күштерінің 11-ші Спартакиадасына әскер түрлері мен тектерінінің, жергілікті қолбасшылықтардың, әскери оқу орындары мен мекемелерінің 16 командасының құрамында мыңнан астам әскери қызметкерлер қатысты.

Үш жыл қатарынан Орталық аппарат пен Ақмола аймақтық гарнизонының әскери қызметкерлері арасында спартакиада өткізіліп жүр, өткізілген бес чемпионаттың қорытындысы бойынша жарыстарға үш жүзден астам әскери қызметкерлер қатысқан.

Жыл сайын Ынтымақтас әскерлер спартакиадасы, ғылыми-практикалық конференциялар, байқаулар өткізіледі, ТМД елдері қарулы күштеріндегі физикалық дайындық пен спортты дамытудың негізгі бағыттары бойынша бір бағдар қалыптастырылады.

Әскери қызметкерлердің дербес физикалық дайындығы.

Заман реалияларына сәйкес, әскери қызметкердің дербес физикалық дайындығына қойылатын талаптар да артады, бұл 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 7-бабынан көрініс тапты, мұнда әскери қызметкер өкілетті органдардың басшылары бекіткен дене дайындығы жөніндегі нормативтердің талаптарын сақтауға және орындауға міндетті екені нақты айқындалған. Бұл сарбаздан бастап генералға дейін, әрқайсысына қатысты.

Бағынышты бөлімшелер мен бөлімдерде физикалық дайындықты тиісті ұйымдастыру бойынша нақты жұмыстар жүргізіледі. 2011-2012 жылдармен салыстырғанда әскери қызметкерлердің физикалық дайындылығы деңгейінің өсу үрдісі байқалады.

Бүгінгі күні тұрақты жауынгерлік әзірліктегі бөлімнің әскери қызметкері физикалық дайындықпен аптасына шамамен 8 сағат шұғылданады (таңғы физикалық жаттығу – 3 сағат, спорттық-бұқаралық жұмыс – 2,5 сағат, физикалық дайындық бойынша жаттығулар – 3 сағат). Шетелдік тәжірибеге жүргізілген талдаудың нәтижесінде Қытай, Оңтүстік Корея, Германия, АҚШ, Ресей қарулы күштерінде бұл сан аптасына 15-20 сағатты құрайтынын айта кеткен жөн, бірақ біз осы жетістікпен тоқтап қалмаймыз, мұны осы жылда өткен спорттық іс-шаралардың нәтижелері көрсетіп отыр.

Оқу-материалдық базасымен қамтамсыз ету.

Қазір әскерлерді спорттық мүлікпен және бұйымдармен, сонымен қатар барлық санаттағы әскери қызметкерлерді физикалық дайындық бойынша жаттығулармен айналысуға арналған спорттық киімдермен қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыс жүргізіліп жатыр, әскери бөлімдер мен мекемелердегі спорттық нысандар жетілдіріліп және жаңартылып жатыр, спорттық қалашықтардағы гимнастикалық алаңдар және казармалық ғимараттардағы спорттық бұрыштар бір үлгіде қайта жабдықталуда.

Қорғаныс министрі бекіткен 2017 жылға дейінгі ҚР Қарулы Күштеріндегі физикалық дайындық бойынша оқу-материалдық базасын дамыту концепциясына сәйкес Алматы, астана, Шымкент, Тараз, Қарағанды, Талдықорған, Атырау, семмей мен Қапшағай қалаларында типтік модульді спорттық кешендерді салу жоспарланып отыр.

Әскер спортшыларының халықаралық алаңдағы жетістіктері

Әскер спортшылары Қарулы Күштер беделін нығайтуға айтарлықтай үлес қосуда.

Осылайша, 2011 жылы 7-ші Азия ойындарында Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының 16%-ын біздің спортшылар құрады, олар жалпы марапаттар санының 33%-ын жеңіп алды.

16-шы жазғы Азия ойындарында жауынгер-спортшылар Ұлттық құраманың 20%-ын құрап, ортақ жиынға 37% марапат әкелді.

Кеңес Одағының Батыры, «Халық Қаһарманы» армия генералы С.К. Нұрмағамбетов сыйлығы үшін бокстан 17-ші Халықаралық жарыс, жүзуден Қазақстан Республикасы Ашық Кубогі, дзюдо мен бокстан Қорғаныс министрінің І Ашық Кубогі сияқты беделді жарыстарда бірінші жалпы командалық орындарды жеңіп алып Қарулы Күштердің құрама командалары үздік нәтижелер көрсетті. Қарулы Күштердің құрама командалары бокстан, дзюдо мен спорттық бағдарлаудан 2012 жылдың қорытындылары бойынша респкубликалық рейтингте бірінші орында.

2012 жылдың шілде айында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері ынтымақтас әскерлерінің ІХ Спартакиадасы өткізілді.

Спорттық жарыстарға қатысуға Әзірбайжан, Армения, Белорус, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Украина сияқты 8 елдің Қарулы Күштерінің үздік әскери спортшылары келді. Спорттық бірішілік таласына барлығы 320 спортшы қатысты.

Қазақстан Қарулы Күштері құрамасы ресми емес медальдік есепте бірінші орынға ие болды, алтын медальдар санынан алдына Ресей Федерациясының әскери командасын жіберіп алып, екінші орын алды.

Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиадалық ойындарда еліміздің Қарулы Күштері қатарынан 27 әскери спортшы қатысты, бұл – Ұлттық құраманың 5-тен бір бөлігі (24%), олар спорттың 10 түрінен өнер көрсетті: жеңіл атлетика, байдарка мен каноэда ескекпен жарысу, синхронды жүзу, дзюдо, бокс, жүзу, ауыр атлетика, қазіргі бес сайыс, еркін және әйелдер күресі.

Лондондағы Олимпиадада ең үздік нәтиже жеткендер – Спорттық комитет-ҚР ҚМ ӘОСК өкілдері капитан Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Колумбия мен Украинадан өзінің байырғы қарсыластарын жеңіп, қатарынан үш рет секіруден тамаша нәтиже көрсетті (1498 метр), сонымен қатар финалдық кездесуде британдық спортшыны жеңіп, Олимпиаданың ең үздік боксшысы ретінде Баркер Кубогіна ие болған Серік Сапиев (бокс).

Әскер спортшыларының осы тамаша өнер көрсету Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының есебіне (7-алтын, 1-күміс, 5-қола) екі алтын медаль әкелді, бұл жалпы командалық есепте 12-орын алуға мүмкіндік берді.

Әскери спортшылардың көрсеткен жоғары спорттық шеберліктері, табандылығы мен жеңіске деген жігері өскелең ұрпаққа қазақстандық патриоттық сезімін сіңдіре отырып, әскери спортты әрі қарай дамытуға және оның халықаралық беделін нығайтуға жақсы стимул болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН