• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

16 тамыз, 2019

Армия ойындарына қатысушылар Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың монументіне гүл шоқтарын қойды

Армия халықаралық ойындарына қатысушы елдердің әскери қызметшілері Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың монументіне гүл шоқтарын қойды.

Аталаған салтанатты іс-шара ҚР ҚК Бас штаб бастығының орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласовтың басшылығымен өтті. Шетелдің әскери қызметшілері қазақстандық армияның әскери дәстүріне және еліміздің Қарулы Күштерінің көрнекті тұлғасына құрметтерін білдірді.

Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов Ұлы Отан соғысын басынан кешіріп, Кеңес Одағының батыры атағына лайық деп танылды. Ол алғашқы Қорғаныс министрі бола отырып, Қазақстан Қарулы Күштерін құрудың бастауы болды. Әскери қызметшілер ұрпақтар сабақтастығын ескеріп, оның есімін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектебіне берді.

Естеріңізге сала кетсек, жуырда «Отар» 40-ншы әскери базасында Армия халықаралық ойындары-2019 аяқталды. Қазақстан аумағында 7-15 тамыз аралығында армия ойындарының «Артиллерия атысының шеберлері», «Сұңқар салу» және «Сенімді қабылдау» атты үш конкурсы өтті.

475
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН