• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Ансамбль

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблі еліміздің өнерінде алатын орны ерекше және музыкалық өнер құралдарымен жеке құрамды патриоттық, әскери және мәдени тәрбиелеуге жәрдемдесуге, қызметтік-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің абыройын нығайтуға көмектесу міндеттерін атқарады. Ансамбльдің құрамына эстрадалық-симфониялық оркестр, фольклорлық-этнографиялық ансамбль, би тобы мен солистер кіреді.

Ансамбльдің қызметі әскер өмірімен тығыз байланысты және әскер қызметкерлерін Отаны –Қазақстан Республикасына шексіз адалдық рухында, жауынгерлік борышын мінсіз атқаруға тәрбиелеуге бағытталған.

ҚР ҚМ Орталық ансамблінің негізгі міндеттері:

  • Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің кәсіби қызметін ұйымдастыру, көркем өнерпаздықға тәжірибелік көмек көрсету, музыканттарды оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру, олардың орындаушылық шеберлігін арттыру;
  • Кәсіби деңгейді жетілдіру үшін шығармашылық ұйымдармен, қоғамдармен және көркемөнер ұжымдарымен бірлесе жұмыс істей отырып оқу бағдарламалары мен әдістемелік құралдарды әзірлеу, концерттік репертуарды толықтыру, аймақтық қолбасшылықтардағы, әскери бөлімдердегі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-оқу орындарындағы көркемөнер шығармашылықтарын дамытуға әдістемелік көмек көрсету;
  • Концерттерге, ансамбльдер мен оркестрлердің орындауларына қатысу, әскери бөлімдер мен алыс гарнизондарға, сонымен қатар шетелдерге гастрольдік қызметтерді ұйымдастыру.

Орталық ансабльдің құрамында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, Республикалық және Халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаттары, сонымен бірге дарынды жастар, ұлттық аспаптар орындаушылары республикалық байқауларының, «ШАБЫТ» халықаралық жастар фестивалінің лауреаттары жұмыс істейді.

Ансамбль әртістері Қазақстанның үлкенді-кішілі сахналарында ғана емес, сонымен бріге шетелдің де сахналарында өнер көрсетіп жүр. Қазақстан Республикасы әскери гарнизондарындағы әскери қызметкерлер мен олардың отбасыларына арналған концерттермен Орталық ансамбль мен Орталық әскери оркестрдің гастрольдері бірнеше рет ұйымдастырылды. Ансамбльдің басшылығы қойылған міндеттерді орындау үшін белсенді жұмыс істеуде. Жас, дарында және кәсіби мамандарды іздеу жүріп жатыр. Қазақ халқының ашықтығын, ақжүректігі мен рухани жылуын сипаттайтын салт-дәстүрлер негізін құрайтын «Аңырақай» картинасы, «Ухажеры в увольнении» атты хореографиялық картинасы, «Әскерлер ынтымақтастығы» вокалдық-хореографиялық картиналары сияқты фильмдермен жұмыс істеу үшін балетмейстерлермен, суретшілермен, композиторлармен және ақындармен күні бұрын келіссөздер жүргізілді. Сонымен қатар «Астана» және «Атилла» мюзиклдарын қою жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві