Акция сипаттамасы

ҚР Қарулы Күштерінде «Мәңгі есімізде» - «Память вечна» атты акциясы өтті

Акция сипаттамасы:

Акцияныңның идеясы – ұрпақтар сабақтастығын паш ету. Ол өткенді жадында сақтаумен қатар, болашақ туралы толғанатын адамдардың басын біріктіреді.

Акция ҚР Қарулы Күштері өңірлік қолбасшылықтары әскери қызметшілерінің арасында өтеді. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагер туыстары (әкесі, атасы, апасы, анасы, ағасы және т.б.) бар әрбір әскери қызметші өзінің әскери формадағы жеке суреті мен ардагердің тегі, аты-жөні көрсетілген суретін ұсынуы керек.

Сонымен қатар, майданда қаза тапқан, соғыстан кейінгі уақытта қайтыс болған, қазір арамызда жүрген ардагерлердің де суреттерін ұсынуға болады. Ардагердің суреті түрлі-түсті немесе ақ-қара, мүмкіндігінше жақсы сапада, 1930-шы жылдардан бүгінгі таңға дейінгі аралықта түсірілген болуы тиіс.

Суреттердің жалпы саны әрбір өңірлік қолбасшылықтан 80 данадан кем болмауы тиіс.

Әскери қызметшілер ұсынған суреттер соңынан арнайы баннерлерге басылып, әскери бөлімдерде орнатылатын болады.

Аталған баннерлер ардагерлер мен қазіргі әскери қызметшілердің фотогалереясынан тұратын мозаика түрінде ресімделеді. Әрбір суреттің астында ардагер мен әскери қызметшінің аты-жөні жазылады.

Дайындалған баннер Астана қаласында әскери қызметшілердің қатысуымен салтанатты түрде назарға ұсынылатын болады. Аталмыш іс-шара Отан қорғаушылар алаңында Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімімен бірге өтеді.

Баннерлердің ресми тұсаукесерінен кейін олардың көшірмелері ҚР әскери бөлімдеріне жіберілетін болады.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 72-15-59

Ресми логотипті жүктеу:

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама