Ереже

«Айбын» Республикалық әскери – патриоттық жастар жиынының
ЕРЕЖЕСІ

 1 бөлім. Жалпы ережелер 

  1. Осы Ереже «Айбын» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны 2018 жылы (бұдан ары – «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны) өткізу шарттарын және тәртіптерін анықтайды.
  2. Айбын» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны 2018 жылдың 16 – 21 – шы шілде аралығында Қарағанды облысы «Спасск» оқу-жаттығу орталығында өткізіледі.
  3. «Айбын» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен, Астана және Алматы, облыстық әкімдіктерінің, ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының, «Жас сарбаз» Республикалық әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысының, «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Әскери-техникалық мектебі» Мемлекеттік қазыналық мекемесінің қолдауларымен өткізіледі. 

2 бөлім. «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының мақсаттары мен міндеттері

  1. «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынын өткізу мақсаты:

1) жастар арасында әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіру;

2) Қазақстан Республикасында жас патриоттар қозғалысын дамыту, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәртебесін көтеру және әскери қызметті насихаттау.

  1. «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының міндеттері:

1) Жастарды Қарулы Күштердегі әскери қызәскери-патриоттық тәрбиелеу жүйесін іске асыруды жоғарылату, әскери-патриоттық клубтар қызметі және олардың мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен қарым-қатынасын бақылау;

2). Жастарды Қарулы Күштердегі әскери қызметке дайындау, әскери қызметін өтеуде олардың дағдылары мен әрекеттерін қалыптастыру;

3). Салауатты өмір салтын насихаттау, тұлғалық жетілу, жастардың әскери-қолданбалы және техникалық дайындыққа дағдылау.

3 бөлім. «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына қатысушылары 

  1. «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына

1) дәрігерлік  рұқсаты  бар облыстық «Айбын» әскери-патриоттық  жастар жиынының жеңімпаз әскери-патриоттық клубының 14 жастан 18 жасқа дейінгі тәрбиеленушілері (15 адамнан, олардан 10 ұл және 5 қыз), Қорғаныс істер жөніндегі департаментінің өкілі мен әскери-патриоттық клубтын жетекшісімен бірге;

2) дәрігерлік  рұқсаты  бар әскери бөлімшелер мен мекемелерде құрылған әскери-патриоттық клубтардың 14 жастан 18 жасқа дейінгі тәрбиеленушілері -  Қарулы Күштері түрлері, өңірлік қолбасшылықтар, әскер тектері, ҚР ҚК құрылымдық бөлімшелері, басқа әскерлер және әскери құралымдар арасында өткізілген «Айбын»  әскери-патриоттық  жиын жеңімпаздары (15 адамнан, олардың 10 ұл және 5 қыз), тәрбие және идеологиялық жұмыстар бойынша  командирінің орынбасары (бастығы) және әскери-патриоттық клубтың жетекшісімен бірге;

3) дәрігерлік рұқсаты бар 14 жастан 18 жасқа дейінгі Республикалық әскери мектеп-интернаты, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Жас Ұлан» республикалық мектеп және «Арыстан» мамандандырылған лицейі тәрбиеленушілері (топ құрамына - 15 адам, 2 мектеп жетекшісі (жетекшінің орынбасары) қатыса алады.

 

4 бөлім. «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына қатысу шарттары:

 

  1. «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына қатысу үшін топтар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығына 010000, Астана қаласы. Республика 2, факс: 8(7172) 44-26-09, e-mail: patriotkz2017@gmail.com. мекен жайы бойынша 15 мамырға дейін өтініш береді.
  2. Топ жетекшілері 31 мамырдан кешіктірмей келетін күндері және уақыттары, көлік түрлері туралы 8(7172) 44-25-97, 8(7172) 44-25-81, e-mail: patriotkz2017@gmail.com. телефоны бойынша ұйымдастырушыларға хабарлауы керек.

«Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына қатысушылар өтетін орнына 2018 жылы 11 маусымда  сағат 9.00  дейін келуі керек.

  1. Топтар жеке құрамдық және топтық жабдықтармен келеді:

1) киім үлгісінің үш жиынтығы – шерулік («Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының киім үлгісі), далалық және спорттық киім нысандары;

2)  аяқ киім – далалық жаттығуларға арналған, спорттық, күнделікті;

3)  жеке гигиеналық заттары;

4) әскери - далалық әдістік ойындар үшін жабдықтар әр қатысушыға: АК-74 автоматы макеты, газ қағар, су үшін тостаған;

5) топтар үшін: компас, белгі беретін қос жалауша, блокноттар, қарындаштар, санитарлық сөмке, пневматикалық винтовкалар (5 бірлік) механикалық көздеумен (командалардың қалауы бойынша).

  1. «Айбын» әскери-патриоттық жиынға қатысатын топтардың шығындары жиынға қатысушылардың Қарағанды қаласына дейінгі және қайтар жолақысы жіберуші тарапынан қамтамасыз етіледі.

Жиынға қатысушылардың тұратын жері, тамақтануы «Айбын» әскери-патриоттық жиынын ұйымдастырушылардың есебінен қамтамасыз етіледі.

5 бөлім. «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының бағдарламасы 

  1. Сайыстық бағдарлама:

1) «Айбын дарыны» зияткерлік ойынын өткізу;

2) «Голосящий «Айбын» байқауын өткізу;

3) «Менің роботым» робот техникасы бойынша жарыс;

  1. Әскери-спорттық бағдарлама әскери-қолданбалы спорт түрінен сайыстар, әскерлендірілген эстафеталар және әскери-далалық әдістегі ойындарды қамтиды.
  2. Әскери-далалық әдістік ойындар және сайыстар, жарыстар өткізу шарттары жиынды өткізу регламентінде көрсетілген.

6 бөлім. «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының басшылығы және төрешілер бригадасы 

  1. «Айбын» әскери-патриоттық жиын басшылығы жиын жетекшісі мен орынбасарлардан құралады:

1)  «Айбын» жиынының өткізілуіне байланысты сұрақтарды шешеді;

2) «Айбын» әскери-патриоттық жиынды өткізу және ұйымдастыру бойынша жалпы сұрақтарды қарастырады;

3) іс-шараларды өткізу тәртібін анықтайды;

4) топ мүшелерінің тіршілігін қолдауды қамтамасыз етуімен айналысады (орналастыру, тамақтандыру, медициналық, бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз ету);

5) әскери-далалық әдістік ойындарды және сайыстарды, жарыстар өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады.

6) «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының төрешілік бригадасын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорттық клубы – «Астана» Спорттық клубы аймақтық қолбасшылығы қатарындағы әскери қызметшілерден қалыптастырылады.

  1. Төрешілік бригаданы бас төреші, хатшы және төрешілік бригада мүшелері құрайды. Төрешілік бригада келесі қызметтерді орындайды:

1) «Айбын» әскери-патриоттық жиынның сайыстарында және жарыстарында әр топтың қатысуына баға береді;

2) жеңімпаздарды анықтайды;

3) жарыстың қорытындыларын шығарады;

4) даулы сұрақтарды шешеді;

  1. Төрешілік бригада өз құзыреті шегінде әскери-далалық әдістік ойындар және сайыстар, жарыстарды өткізу шарттары бойынша ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
  2. Төрешілер бригадасының шешімі бас төрешінің қолы қойылған хаттамамен бекітіледі.
  3. Бас төрешіге наразылық білдіру және сайыстағы топтар қойылымдарының нәтижелеріне байланысты мәселелерді анықтау үшін төрешілерге өтініштер беру тәртібін «Айбын» әскери-патриоттық жиынының ашылу барысындағы топ жетекшілерінің бірінші отырысында хабарлайды.
  4. Топ жетекшісіне әдістік ойындар және сайыстар, жарыстар өткізу уақытында (хаттаманы өңдеу бұрын басынан нұсқау және тапсырма беруге) тыйым салынады:

1) төрешілердің жұмысына кедергі келтіруге;

2) төрешінің өтініші болмаса өз тобына көмектесуге;

3) алдын ала келіспеген жағдайда, жарыс аймағында болуға;

4) әскери-патриоттық клубтардың мүшелері («Жас Ұлан» республикалық мектебі, Қазақстан Республикасы әскери мектеп-интернатында оқитын) болып табылмаған жағдайда сайысқа қатыстырылмайды.

  1. Төрешілер көрсеткен тәртіп бұзушылықтардың біреуі ғана бұзылса да командада нәтиже болмайды және ол бұл сайыста соңғы орын алады.

7 бөлім. «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына қорытынды жасау және жеңімпаздарын марапаттау 

  1. Қорытынды әр сайыс түрінен үш топ бойынша анықталады: бірінші топ өңірлік әскери-патриоттық клубтар тәрбиеленушілері, екінші топ әскери бөлімшелер мен мекемелерде құрылған әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, үшінші топ «Жас Ұлан» республикалық мектеп және әскери мектеп-интернатының тәрбиеленушілері.

 «Айбын» әскери-патриоттық жиының қорытынды командалық біріншілігі  командалардың сайыс пен жарыстарда ең аз алған орындарымен  анықталады. Егер екі немесе одан да көп командалар бірдей балл алған жағдайда, әскери эстафетада жоғары нәтиже  көрсеткен команда алға шығады.

  1. Соңғы топтық жарыстың қорытындысы бойынша I, ІІ, ІІІ орынға ие болған командалар кубокпен, медальмен, грамотамен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
  2. Сайыс пен жарыстың басқа түрлері бойынша I, II, III орынға ие болған команадалар кубокпен және грамоталармен марапатталады.
  3. Жеке сайыстар бойынша I, II, III орынға ие болған қатысушылар медальмен және грамотамен марапатталады.
  4. Жиынға қатысушылардың барлығына қатысқаны үшін диплом табыс етіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама