Ақпарат

«Айбын» Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны

«Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны жыл сайын маусым айында, Қарағанды облысы, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің, «Астана» Өңірлік қолбасшылығының «Спасск» оқу - жаттығу орталығында өткізіледі.

«Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынын ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен,  Астана және Алматы, облыс әкімдіктерінің,  Мемлекеттік республикалық қазыналық кәсіпорын  «Әскери-техникалық мектеп», «Айбын» Республикалық жас патриоттар бірлестік штабының, Қазақстан жастар Конгресінің  қолдауымен өткізіледі.

Дәстүрлі түрде жыл сайын әскери-патриоттық клубтардың мүшелері, республикалық (облыстық) мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері, жоғары оқу орындарының әскери кафедрасының студенттерінің қатысуымен «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны өткізіледі. Іс-шараның іске асыру 2020 жылға дейінгі Жастар саясаты тұжырымдамасының жоспарына  енгізілген.

«Айбын» Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынның мақсаттары мен міндеттері: 

«Айбын» Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын өткізу мақсаты:

1). Басқа елдер мен жас патриоттар бірлестігі арасында одақтастықты нығайту;

2). Қазақстан Республикасында әскери-патриоттық жұмыстарды нығайту;

3). Қазақстан Республикасында жас патриоттар қозғалысын дамыту, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәртебесін көтеру және әскери қызметті насихаттау.

«Айбын» Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынның міндеттері:

1). Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жүйесін іске асыруды жоғарылату, әскери-патриоттық клубтар қызметі және олардың мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен қарым-қатынасын бақылау;

2). Жастар арасындағы халықаралық және ұлтаралық достықты нығайту, жастардың халықаралық келісім және құрметтеу рухында тәрбиелеу;

3). Жастарды Қарулы Күштерінің әскери қызметіне дайындау, әскери қызметін өтеуде олардың дағдылары мен әрекеттерін қалыптастыру;

4). Салауатты өмір салтын насихаттау, тұлғалық жетілу, жастардың әскери-қолданбалы және техникалық дайындыққа дағдылау.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама