Ақпарат

Екінші республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны

 «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны, ҚР Тәуелсіздігінің 25 – жыл толуына арналған, 2016 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің, «Астана» Өңірлік қолбасшылығының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында өтті.

«Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына 800 астам жас патриоттар қатысты. Әскери мектеп-интернаттарының, әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, басқа елдердің жоғары оқу орындарының әскери кафедрасы тыңдаушылары жиналды. Әскери-патриоттық жастар жиынға қатысушылар іс-шараға әскери жарғыға сәйкес толық жабдықталып келді. Жиын барысында әскери дайындық пәндері және әскери-қолданбалы спорт түрінен сайыстар, әскерлендірілген ойындар, интеллектуалдық сайыстар және т.б. өтті.

Әскери-қолданбалы спорт түрінен сайыстарда, әскери-далалық тактикалық ойындарда, «Айбын дарыны» интеллектуалдық конкурсы және робототехникалық жарыстардың үздіктеріне Қорғаныс министрі өз қолымен үздіктерге марапаттаулар мен сыйлықтарды тапсырды. «Менің роботым» жарысының жеңімпазы - Рахатов Дастан «Әл-Фараби» атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедра студенті, «Менің ұшқышсыз ұшатын аппаратым» - Бердигулов Кайсар «Арыстан» мамандандырылған лицейі тәрбиеленушісі, «Айбын дарыны» интеллектуалдық сайысы бойынша үздік Кенжеханов Ерқанат «Семей қаласы мамандандырылған мектеп-лицейі» МҚКК тәрбиеленушісі жеңіп алды.

«Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының жеңімпаздары және әскери-далалық тактикалық ойындар бойынша жеңімпаздар, Гран-при иегері «Семей қаласы мамандандырылған мектеп-лицейі» тәрбиеленушілері болды.

Жалпы командалық бірінші орындарды келесі үлгіде бөлінді:

  • Әскери-патриоттық клубтар арасында үздік команда - Ақмола облысының «Батыр» әскери-патриоттық клубы;
  • Жоғары оқу орындарының әскери кафедралар арасында үздік команда – «Қазақ ұлттық аграрлық университеті»;
  • Республикалық әскери мектеп-интернаттар арасында  үздік команда – «Семей қаласы мамандандырылған мектеп-лицейі».
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама