Қарулы күштердің 2018 жылғы ұраны "Ұлы дала әскері - Мәңгілік ел тірегі"

БАҚ-қа арналған байқау

«KADEX» IV Халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесін өткізуге бағытталған
БАҚ тілшілері арасындағы шығармашылық байқаудың
ЕРЕЖЕСІ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1.1. «KADEX» IV Халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесін өткізуге бағытталған журналистер арасындағы шығармашылық байқау (бұан әрі - Байқау) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мұрындық болуымен өткізіледі.
1.2. Байқау Қазақстанның журналистика күні қарсаңында мемлекеттік және орыс тілдерінде ұйымдастырылады.
1.3. Байқау ұйымдастырушылары барлық қатысушыларға бірдей жағдай жасалуын, байқауды өткізуде тұтас жариялылықтың болуын қамтамасыз етеді.   
1.4. Халықаралық көрме тақырыбындағы үздік журналистік материалды анықтайтын байқау Қазақстан Республикасында шығатын республикалық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдары, сонымен бірге электронды бұқаралық ақпарат құралдары арасында жекелеген аталымдар бойынша өткізіледі.
1.5. Байқауға «KADEX» IV Халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесін өткізу туралы материалдарын жариялаған газет, радио мен телеарна, ақпараттық агенттік тілшілері, сонымен бірге штаттан тыс авторлар қатыстырылады.  

2. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ
2.1. Байқау көрме тақырыбын талқылауға журналистер назарын аудару мақсатында ұйымдастырылып отыр.  
2.2. Байқаудың міндеті Халықаралық көрмені өткізу аясындағы оқиғалар мен деректерді дәріптейтін материалдарды кәсіби шебер жеткізген журналистерді ынталандыру,  көрменің өту барысын халыққа кеңінен насихаттау.

3. БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
3.1. Байқауға «KADEX» көрмесіне арналған мемлекеттік және орыс тілдерінде баспасөз құралдарында жарияланған мақалалар, пікірлер мен репортаждар, радио және телеарнадан көрсетілген сұхбаттар, электронды БАҚ сайттарына шыққан материалдар мен өзге де журналистік өнімдер қабылданады.  
3.2. Байқау жұмыстары көрме өту кезеңінде көрмені дәріптеуге арналған аңдатпа оқиғалардан тұратын материалдардан, сонымен қатар көрмені қорытындылауға қатысты материалдардан тұруы мүмкін.
3.3. Өтінімдер 2016 жылдың 10 маусымына (қоса есептегенде) дейін қабылданады.
3.4. Авторлар мен компаниялардың байқауға жіберген соңғы өнімді әзірлеу мен таратуға кеткен шығындары өтелмейді.  
3.5. Байқау талаптарына сай емес жұмыстар мүлде қарастырылмайды.

4. БАЙҚАУҒА ЖҰМЫСТАРДЫ БЕРУ ТӘРТІБІ
4.1. Әр байқау жұмысына автордың аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы мен байланыс мәліметтері(электронды мекен-жайы мен телефон нөмірі) көрсетілген, БАҚ жетекшісінің қолымен расталған жеке өтінім (№1 қосымшаға сәйкес) рәсімделуі тиіс.      
4.2. Аудио және бейнематериалдарға эфирлік анықтама қоса берілуі тиіс.
4.3. Байқауға өтінім хабарландыру жарияланғаннан күннен бастап қабылданады.
4.4. Телевизиялық жұмыстар DVD-дискте, радио мен фото өнімдер – CD-дискте, баспасөз материалы түпнұсқада жіберіліп, мәтіннің электронды көшірмесі PDF форматында берілуі керек.   
4.5. Бейнематериалдардың ажыратымдылығы 1280х720рix кем емес DVD форматында,  
ұзақтығы –  30 секундтан кем емес (бейнеролик үшін)  және 30 минуттан көп емес (дееркті фильм мен телебағдарлама үшін) болуы тиіс.
4.6. Аудиоматериалдар mp3 форматында, ұзақтығы 20 минуттан аспауы тиіс.
4.7. Мәтіндік материалдар Word форматында Байқаудың ұйымдастыру комитетінің электронды мекен-жайына қабылданады.  
4.8. Фотоматериалдар ажыратымдылығы 900х800 pix. кем емес jpg форматында (бес фотодан кем емес)  қабылданады.
4.9. Бір автордан бір ғана жұмыс тіркеледі.
4.10. Байқау құжаттарын келесі мекен-жайға конвертпен жіберуге болады:
 Астана қ, Иманбаева к-сі 5в, «Шаңырақ-2» бизнес орталығы, 5 қабат, 10 кеңсе («New Media Marketing»ЖШС), е-mail:smikadex@mail.ru.

5. БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ
5.1. Жеңімпаздарды анықтау құрамына мемлекеттік билік органдары, білім, мәдениет, қоғамдық ұйым өкілдері, жазушылар, журналистер мен тарихшылар кіретін Байқау комиссиясының шешімі негізінде жүзеге асырылады.
5.2. Жеңімпаздар келесі аталымдар бойынша анықталады:
- «Баспасөз басылымындағы үздік мақала»;
- «Ғаламтор басылымындағы үздік жарияланым»;
- «Үздік телесюжет/телебағдарлама»;
- «Үздік радиосюжет/радиобағдарлама»;
- «Үздік фоторепортаж/фотоочерк».
Әр аталым бойынша тек бір жеңімпаз анықталады.  
5.3. Байқау жұмыстарын бағалау кезінде материалдың байқаудың мақсат-міндеттеріне сай болуы; байқауға жіберілген материалдардың кәсіби деңгейі, автордың оқиғаның маңыздылығын ашудағы шеберлігі, түсінікті және қызықты тәсілмен бере білуі, тақырыпты ашудағы тереңдік пен дәйектілік, статистикалық және сараптамалық, салыстырмалы ақпараттарды тиімді қолдана білуі, аудио және бейнематериалдардың көрнекілігі мен режиссерлік және операторлық жұмыс шеберлігі есепке алынады.
5.4. Байқауға жіберілген материалдарға пікір жазылмайды және қайтарылмайды. Ұйымдастырушы жіберілген жұмыстарды Байқаудың мақсаты мен талаптарына сәйкес өз шешімімен пайдалануға құқылы. Байқау ұйымдастырушысы қатысушылардың үшінші тұлғаның авторлық құқығын бұзғаны үшін жауап бермейді.
5.5. Байқаудың қазылар алқасының шешіміне шағым беру қарастырылмайды.

6. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ
6.1. Байқау жеңімпаздарын марапаттау салтанатты ауанда өткізіледі.
6.2. Байқау жеңімпаздары мақтау қағазымен және сыйлықтармен марапатталады. Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне арналған шараның өтетін уақыты мен орны қосымша хабарландырылады.

7. БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТТЕРІ
7.1. Байқауды өткізу талаптары туралы қосымша ақпаратты ұйымдастыру комитетінен біле аласыздар. Тел: 8 (7172) 277 831 


«KADEX» IV Халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесін өткізуге бағытталған БАҚ тілшілері арасындағы шығармашылық байқауға қатысуға арналған өтінім

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама