Ақпарат

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

2016 жылдың 2-5 маусым күндері Астана қаласында әскери-техникалық мүлік пен қару-жарақтың «KADEX» IV Халықаралық көрмесі өтеді.

Қазіргі уақытта бүкіл әлемде дәл осындай көрмелер үлкен танымалдылыққа ие. Өйткені әскери қорғаныс дүниежүзілік және аймақтық тұрақтылыққа айрықша әлеуетті ықпал етеді.

Сондықтан, бүгінде негізгі басымдық электронды және электронды-оптикалық жүйелер, байланыс жүйесі мен басқару, желілік салаларды дамытуға беріледі.

Әдеттегідей мұндай көрмелерде шетелдік әріптестеріміз тарапынан әскерді және қаруды басқару кешендері, дәл көздейтін қарудан қорғану жүйесі, авиациялық техника, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі, оптикалық-электронды құралдар үлкен сұранысқа ие.

Осынау қызығушылықтың басымдығы түсінікті де. Қару-жарақ пен әскери техника – шетелде сұранысқа ие жоғары технологиялық өнімдер экспортының құрамдас бөлігі. Бәсекелестік артып отырған жағдайда мемлекеттердің қорғаныс-өнеркәсіп кешені белсенді түрде интеграцияланып, жоғары технологиялық өнім шығаруға қабілетті ғылымды қажет ететін өндірісті дамытуда.

Шара барысында көрме қонақтары мен қатысушылары қорғаныс секторындағы кәсіпорындардың жаңа өнімдерімен танысып қана қоймай, олардың іс жүзінде әскери мүмкіндіктерін бағалай алады.

Осылайша, біз әскери техника көрсетілімі мен келісімдерге қол қоюға ғана емес, сонымен қатар көрмені көпшілікке тартымды әрі қызықты өткізуге тырысамыз.

Әскери мамандар конструктивті және тең дәрежеде пікір алмаса алатын кәсіби әрі ашық сұхбат өткізу қажеттілігі  туындап отыр.

Бұл ретте, тікелей жетекші мамандардан кеңес алу және ерекше технологиялар бойынша пікір алмасу отандық әскери ғылымды дамытуға және әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайтуға оң әсер етеді.

Баршаңызды Қазақстанның қорғаныс саласындағы ең ауқымды және маңызды оқиға – «KADEX-2016» көрмесіне қатысуға шақырамыз. Аталған шараның қонақтары мен қатысушыларына сәттілік пен үлкен жетістіктер тілеймін!

 

Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі                                                                                                                                                                      И.Н. Тасмағамбетов

Веб-сайт: http://kadex.kz

"KADEX" көрмесі өтетін орнына қозғалыс бағыты:


Сізді әскери техникалық мүлік пен қару-жарақ
«KADEX-2016 » IV Халықаралық көрмесінің шеңберінде
«XXI ҒАСЫР ӘСКЕРІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ»
тақырыбында өтетін әскери ғылыми-техникалық Халықаралық конференциясына қатысуға шақырамыз.

2016 жылғы 2-3 маусымында Астана қаласында әскери техникалық мүлік пен қару-жарақ «KADEX-2016» IV Халықаралық көрмесінің шеңберінде «XXI ҒАСЫР ӘСКЕРІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» тақырыбында әскери ғылыми-техникалық Халықаралық конференциясы өткізілуі жоспарланып отыр.

Конференцияға отандық және шетел министрліктері мен мекемелерінің мамандарымен қатар, қару-жарақ пен әскери техника саласындағы ғылым және білім беру мекемелерінің, кәсіпоррындар мен фирмалардың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдардың мамандары қатысады.

Жиынды өткізу іс-шараларын ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігі және «Қазақстан инжиниринг» ҰК» акционерлік қоғамы.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт