• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Іске асыру барысы

30 қараша, 2016

89-қадам. «НҰРЛЫ БОЛАШАҚ» ұлттық жобасын әзірлеу және іске асыру.

Қорғаныс министрлігі 2016 жылғы қаңтардан бастап Ұлттық қорғаныс университетімен «Назарбаев зияткерлік мектептері» АҚ-пен тығыз ынтымақтастық ретке келтірілді.

2016 жылғы 23 қаңтарда ҰҚУ және «НЗМ» АБҰ арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.  Көрсетілген меморандумды іске асыруда 2016 жылғы 25 ақпанда «НЗМ» АБҰ және Ұлттық қорғаныс университетімен ынтымақтастық бойынша іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

Жоспарға сәйкес Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы республикалық мектептердің педагогикалық құрамы өздерінің біліктілігін арттырып, әрі қарайғы өздерінің кәсіби қызметінде жаңа көзқарастар, әдістемелер мен инновацияларды оқып-үйренді.

Қазіргі уақытта «Жас ұлан» республикалық мектептері орналасу орындары бойынша НЗМ-ға бекітілген. «Жас ұлан» мектебінің оқытушылары, офицер-тәрбиешілері мен басшылығы НЗМ қызметкерлері әзірлеген шебер-сыныптарға, семинарларға ғылыми-практикалық конференцияларға барады. 2016 жылға арналған НЗМ тәжірибесін көрсету бойынша іс-шаралардың бірлескен жоспарлары әзірленді.

Сонымен бірге, Қорғаныс министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірлесіп жыл сайын жалпы білім беру және әскери мектептердің түлектері арасында «Сардар» республикалық олимпиадасын өткізеді. Бұл іс-шара әскери білімнің мәртебесін насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және әскери оқу орындарында оқыту үшін жақсы дайындалған кандидаттарды анықтау үшін бағытталған. 2015 жылы олимпиада «Жас ұлан» Республикалық мектебінің базасында (Астана қ.), 2016 жылы «Арыстан» арнайы лицейінде (Алматы қ.) өткізілді.

2016 жылғы 14 наурыздан 21 сәуірге дейінгі кезеңде ҚР ҚМ әскери оқу орындарының курсанттары (РЭБӘИИ, ӘҚК ӘИ) Ресей Федерациясында математика, информатика, шет тілдері бойынша халықаралық олимпиадаға қатысты. 2016 жылғы 16-21 мамыр аралығында ҚӘ ӘИ курсанттары Ресей Федерациясында әскери-кәсіби дайындық бойынша халықаралық олимпиадаға қатысты.

1492
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві