Қарулы Күштеріміз бес қаруы сай заманауи үлгідегі айбынды армияға айналды. Сайыпқыран сарбаздарымыз бүгінде Ұлы даланың сенімді қорғаны, азаматтығымыздың алмас алдаспаны.
"Бүгін еліміздің Қарулы Қүштерінің біртұтас жүйесін құрайтын заманауи, саны жағынан жинақы, жақсы жабдықталған және ұрысқа қабілетті Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері мен Әскери-теңіз күштері құрылды."
"Мемлекеттік идеологияның бізге аса қажет бір ірі бұтағы, қомақты тармағы – халықты, ұрпақты патриотизмге, отаншылдық рухқа, елді, жерді сүюге, қорғауға жұмылдыру."
"Қарулы күштердегі қызмет қазақстандықтар үшін біздің Отан қорғаған бабаларымыздың ерлік дәстүрлерінен тамыр тартқан патриотизм мектебі."
Қазақстан Республикасының Президенті — Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.Ә. Назарбаев