Бүгін Қорғаныс министрлігінде ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков әскери қызметшілерді салтанатты жағдайда Қарулы Күштердің 20 жылдығымен құттықтады. – Осыдан тура 20 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Қарулы Күштерін құру туралы жарлыққа қол қойды, – деді Қорғаныс министрі. – Содан бері әскеріміз елмен бірге дамып, буыны бекіп, жыл сайын жауынгерлік қуаты артып келеді. Бүгінде біз еліміздің Қарулы Күштерін Тәуелсіздігіміздің сенімді қорғаны деп мақтанышпен айта аламыз.
Салтанатты жиында Қорғаныс министрі бірқатар әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар мен мерзімінен бұрын әскери атақтарды табыс етті.
Қорғаныс министрлігіндегі салтанатқа әскери қызметшілерді мерекелерімен құттықтауға Қарулы Күштердің ардагерлері де келді. Әділбек Жақсыбеков тұңғыштар тұғырында тұрған ардагерлерге салтанатты жағдайда мерейтойлық медальдерді табыс етті.
– Отанымыз бен халқымыздың қауіпсіздігін ел Қарулы Күштері қамтамасыз етеді. Ал, армияда қызмет ету Қазақстанның әрбір азаматының конституциялық борышы ғана емес, шын мәнінде құрметті іс, – деп өтті Қорғаныс министрі. – Бүгінде Қарулы Күштеріміз – барша қазақстандықтардың мақтанышына айналды. Әскери қызмет қазақстандықтар үшін аса құрметті мамандық саналады. Бұл біздің мерейтойлық жылда қол жеткізген басты табысымыз.
Ардагерлер атынан Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов сөз сөйлеп, әскери қызметшілердің алдына қойылған кез келген тапсырмалардың сөзсіз орындалатынына сенім білдірді. Отан қорғаушыларды мерекелерімен құтттықтады.
Қорғаныс министрі барша әскери қызметшілерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, оларға зор денсаулық, мол бақыт, қызметте табыс тіледі.

Оксана Парпура
Суретті түсірген Ермек Сарбасов
Суретті түсірген Ермек Сарбасов