Бүгін 68665 әскери бөлімінің командирі генерал-майор Алмас Жұмакеев Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы туралы» бұйрығын жеке құрамға салтанатты жағдайда жеткізді.Бұйрықта 7 мамыр – Отан қорғаушы күні мемлекеттік мереке болатындығы айтылған.
«Бұл күн қазақстандықтардың ерлікке толы шежіресін және Отанға қызмет ету дәстүрінің сабақтастығын сипаттайды.
Қазақстан өз мемлекеттігін дамытудың 20 жылы ішінде әрдайым еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға, заманауи және кәсіби армия құруға ерекше көңіл бөлді» деп көрсетілген.
Елбасы өз бұйрығында барлық ардагерлерді, әскери қызметшілерді, сондай-ақ барша қазақстандықтарды мемлекетіміздің тарихындағы осы айтулы күнмен құттықтаған.
«OZ» орындалуы керек
«Хабар» телеарнасының көрермендері бір жылдан аса уақыттан бері азаматтық қызметтегі адамдардың әскери қызметке шақырылып, қызыққа толы оқиғаларды бастан кешкеніне куәгер болып келеді.Көпсериялы «Айрықша тапсырма» реалити жобасында Қазақстанға танымал адамдар тосыннан бірнеше күнге әскерге шақырылып, әскер өміріне тән сынақтардан өтеді.
«OZ» реалити-шоуының екінші кезеңі Астанада алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл жолы 68665 әскери бөлімінің базасында «Астана» теларнасының тележүргізушісі Динара Сәтжан, әншілер Абдулкарим Каримов және Досымхан Нөгербеков «мықтылықтан» сынақ тапсырады.
Олардың арасынан кімнің үздік аталатынын телекөрермендер біле алады.
Оксана Парпура
Ермек Сарбасовтың суреті














