Бүгін Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 20 жылдық мерейтойының қарсаңында 68665 әскери бөлімі Х.Мұңайтпасов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық спорт мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне өз есігін ашты. Бұл мектеп-интернаты чемпиондар мен спорт шеберлерін дайындаудың ұстаханасы. Өздеріңіз білетіндей спорт және армия – тұтас нәрсе. Ал ол өз кезегінде қазақстандық әскердің болашағы. Болашақ Отан қорғаушылар.
Мектеп тәрбиеленушілері жауынгерлік техника музейіне барып, ҚР Қарулы күштері қатарында қызмет етудің сыр-қырымен, әскери қызметшілерді даярлау барысымен, қару-жарақ және әскери техникамен танысты. Бір күн әскери қызметшілер арасында жүріп тәрбиеленушілер өздерін болашақ Отан қорғаушылары ретінде сезінді десек те болады.
Десантшы-жауынгерлер құрметті қарауыл ротасының қойылымын назарға салып, жастармен әскер жайында әңгіме қозғады.
Болашақ Отан қорғаушылар Қарулы күштері қатарындағы қызмет жайлы әскери қызметшілерден сұрастырып, келешекте Аэроұтқыр күштері қатарында қызмет жасағылары келетіндіктерін атап айтқан жөн.














