Тараз қаласында «Жас Ұлан» XIV республикалық жауынгерлік әндер фестивалі облыс орталығында гала-концертпен аяқталды. Гала-концерт «Баласағұн» орталық-концерттік залында облыстық әкімшіліктің қолдауымен өтті.Әскери фестивальге қатысу үшін Тараз қаласына Қазақстанның түкпір түкпірінен, ҚР Қарулы күштерінің түрлі әскери бөлімдері, түрлері мен тектерінен, әскери жоғары оқу орындарынан жүзден астам сайыскерлер келді. Сонымен қатар, фестивальге қатысушы ретінде еліміздің басқа да қорғаныс құрылымдық ведомстволарының өкілдері келді. Олардың ішінде Республикалық гвардияны, ІІМ Ішкі әскерлерін, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерін, ҰҚК шекара қызметін атап кетсек болады.
Сонау 90-шы жылдары, фестиваль алғаш рет өткізіле бастаған кезден-ақ, жауынгерлік әндер фестивалі әскери ұжым арасында үлкен атаққа ие болды. Жыл сайын осы фестиваль Қазақстанның түрлі қалаларында әскери өнерпаздарының шығармашылық күштерін жинайды.
Биыл фестивальдің қазылар алқасын ҚР Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар департаментінің өкілі подполковник Жүнісбеков Болат басшылыққа алды. Фестиваль төрт күнге созылды. Жарыс барысында сайыскерлер қазылар алқасына жағымды әскер қалдыру және көрермендердің көңілінен шығу үшін өздерінің барлық ынта-жігерлерін, шығармашылық мүмкіншіліктерін салды.
Бүгін бекітілген төрт номинация «Авторлық өлең», «Вокал», «Фольклор» және «Вокалды-аспапты ансамбль» бойынша жеңімпаздар анықталды.
Фестиваль дипломанттары атағына Әскери-теңіз күштерінің бірінші дәрежелі старшина А.Көшкімбаева, Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының «Жас Сұңқар» триосы, Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері сержант К.Кукузова мен ефрейтор Р.Телемісова, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығынан ҚР ҚК қызметшісі Қ.Қауанова ие болды.
Гран-при «Алаш Елім-ай» музыкалық шығармасымен жұртшылықты тәнті еткен «Скифтер» вокалды-аспаптық ансамбліне табыс етілді.
Сонымен қатар, ең үздік авторлық орындау, ең үздік орындаушылық шеберлік, партиоттық әнді ең үздік орындаушы, көрермендер көзайымы номинациясы үшін сыйлықтар жарияланды. Фестивальді ұйымдастыруда белсенділік танытқандар мен қолдау көрсеткендер де шетте қалмады, оларға да көтермелеу сыйлықтары қарастырылды.
Жауынгерлік әндер Республикалық фестивалінің лауреаттары «Виват, победа!» атты ТМД Қарулы Күштері халықаралық жауынгерлік әндер фестиваліне қатысады деп ұйғарылуда. Биыл аталмыш фестиваль Мәскеу облысы Зеленоград қаласында өтеді.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
Абай Лайков
Фото автордікі
Абай Лайков
Фото автордікі














