«KADEX-2012» екінші халықаралық «KADEX-2012» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесінің ашылуына 10 күннен аз уақыт қалды, оны өткізудің дайындық кезеңі өз мәресіне келіп жетті. Бүгінгі күнде көрмеге қатысушылар саны 20-дан астам дүниежүзі мемлекеттерінің 250-ден астам компанияларын құрып отыр. Соңғы екі аптаның өзінде көрмеге қатысуға 15 шақты компаниялар өтінім берді.
Германия, Ресей, Канада, Польша, АҚШ, Украина, Бларусь, Италия, Испания, Франция, Словакия Республикасы, Түркия және басқа да мемлекеттер өздерінің әскери, арнайы және екі мақсаттағы өнімдерін шығаратын кәсіпорындарын ұсынады.
Көрменің басты бағыттары «Құрлық әскерлері мен Әскери-теңіз күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасы», «Арнайы мақсаттағы құралдар мен мүліктер», «ІТ-технологиялар, байланыс жүйесі мен құралдары», «Әскерлерді тылдық және техникалық қамтамасыз ету», «Авиация және авиациялық қару-жарақ».
Қазіргі уақытта көрме қатысушыларының стендтері ілінетін павильондарды жайластыру жұмыстары аяқталды. Қазақстан әскерінің қарамағындағы қару-жарақ пен әскери техниканы көрсету үшін көрменің ашық алаңында Т-72 және Т-72Б танкілері, БМП-2 жаяу жүру әскери машинасы, «Кобра», «Тигр», «Хаммер» дөңгелекті әскери машиналары және «КамАЗ» модификациясының түрлі автокөліктері жұртшылық назарына көрсетіледі. Көрмеде авиациялық техника ішінен Су-27УБМ, МиГ-31 самолеттері, Ми-17В5, ЕС-145, Ми-26 тікұшақтары, С-300 зенит-зымыранды кешені қойылымға шығарылады.
Кейбір әскери техникалардың мүмкіндіктерін көрсету үшін көрме маңында арнайы полигон жабдықталды. Бұл әскери мамандарға әскери техниканың тактикалық-техникалық мінездемесін және оны істе бағалауға мүмкіндік береді.
ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері мен Әскери-теңіз күштері қарамағындағы замануи қару-жарақ пен әскери техника үлгілерін көрсету бағдарламасы жасалып бекітілді.
Көрмеге дайындықтың соңғы кезеңінде әскери техникаларды көрсету кезіндегі тактикалық әрекеттерді атқаратын арнайы мамандар жұмыс жасауда. Сонымен қатар Құрлық әскерлерінің тактикасын мен Әуе қорғаныс күштерінің бір сағаттық әуе шоуын көрсету жоспарлануда.
Көрме шеңберінде ҰҚШҰ әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Халықаралық комиссия жанындағы Іскерлік кеңесінің отырысы (заседание Делового совета) өтеді.
Сонымен қатар көрме аясында ҰҚШҰ қатысушы-мемлекеттерінің Үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді. Аталмыш отырыста жарнамалық-көрмелік жұмыстар талқыланады.
Көрмені өткізу күндері «Қорғаныс өнеркәсібі кешенінің инновациялық дамуы» тақырыбында Халықаралық әскери ғылыми-техникалық конференция ұйымдастырылады. Конференцияға қатысушылар замануи әскери-техникалық саясат дамуының перспективаларын талқыға салады.
Көрмені салтанатты ашу рәсімінде Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштерінің Жоғарғы Басқолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.
Көрме аясында Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтың, оның орынбасарларының, құрылымдық бөлімшелер басшыларының шетелдік компаниялар өкілдерімен кездесуі жоспарлануда.
Еске сала кетейік, «KADEX-2012» екінші халықаралық «KADEX-2012» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі үстіміздегі жылдың 3 – 6 мамыр аралығында өтеді. Көрмені ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі.
Көрменің алғашқы екі күні көрмеге қатысушылардың жұмыстарына арналады, яғни, кездесулер, келіссөздер, талқылаулар болады. Соңғы екі күнде көрме барлық қалаған келушілерге есігін ашады. Әскери техниканы тамашалауға астанамыздың тұрғындары мен қонақтары келе алады.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі














