2012 жылғы 25 сәуірде «Зенит» Орал зауыты» акционерлік қоғамында жасалған зауыттық № 1 отандық өнім «Қазақстан» зымыранды-артиллериялық кемесін суға жіберу шарасы өткізілді.
Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары С. Громов, Батыс Қазақстан облысының әкімі Н. Ноғаев, Әскери-теңіз күштерінің қолбасшылығы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері, жергілікті басқару органдарының өкілдері, «Зенит» зауытының ұжымы мен кеме экипажының жеке құрамы қатысты.
Қорғаныс министрлігінің арнайы тапсырысымен жасалған зымыранды-артиллериялық «Қазақстан» кемесі мемлекеттің Каспий теңізіндегі жауапты аймақтағы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жауынгерлік тапсырмаларды орындауға арналған. Кеменің судағы толық сыйымдылығы 250 тоннаны құрайды. Заманауи байланыс құралдарымен, навигациялық және штурмандық қару-жарақтармен жарақтандырылған. Болашақта Әскери-теңіз күштері үшін осындай жобадағы кемелерді жасау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, ағымдағы жылы зауыттың Қорғаныс министрлігі үшін жасаған отандық тың жобасы оқу-жаттығу стансасы суға түсірілетін болады.
Қазіргі таңда «Зенит» Орал зауыты» АҚ еліміздің қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарының құрылымына кіреді. Зауыттың техникалық және өнім өндіру мүмкіндігі барлық талаптарға сәйкес келеді. Бұл жерде кемені жобалау, оның құрылысы, қайта жабдықтау, жетілдіру, жөндеу жұмыстарын жасау сияқты кешенді шаралар атқарылады. Бұл – зауытқа сыйымдылығы 500 тоннаға дейінгі кемелер мен жүзу құралдарын жасауға және оларды тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мұхарбек Махамбет
Ермек Сарбасовтың суреті
Ермек Сарбасовтың суреті