gototopgototop
KAZ | RUS | ENG
Бастысы Баспасөз қызметі 15 жыл әскери тәртіп күзетінде
Атырау гарнизонында Елбасы Жолдауы іске асырылуда » Бүгін Қорғаныс министрлігінде құрылған кешенді ақп... Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету м... » Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті М... Ақтөбе гарнизонында Елбасы жолдауы іске асырылуда » 2013 жылғы 16-20 маусым аралығында Қазақстан Респу... Вена құжатының шеңберінде сенім шараларын бекіту » 2013 жылғы 10-12 маусым аралығында АҚШ, Түркия жән... Ұлттық қорғаныс университетінің магистранттары дип... » Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университет... Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госп... » Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Р... Екі қазақстандық АҚШ әскери оқу орындарына түсті » Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшісі Кеннет Фейр... Әскерге шақыру жалғасуда » Астана қаласында жастарды кезекті әскерге шығарып ... Қазақстан армиясы резервистермен толығады » «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Аягөз гарни... Испания қорғаныс министрі «Қазақстан инжиниринг» Ұ... » Қазақстан Республикасына тұңғыш ресми сапарының ба...

Өзекті тақырып

Әскери қызметшілерге тұрғын үйге өтемақы алу жеңілдетілді
30/05/2013

2013 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің«Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» № 538 Қаулысына қол қойылды. Қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері  әскери қызметшілерінің тұрғын үйді жалға алғаны (жалдағаны) үшін мақсатты өтемақы алуға өтемақы төлеу тетігі жеңілдетілген.  Өтемақы алуға қажетті  құжаттар әзірлеу үш құжатқа азайтылған.


15 жыл әскери тәртіп күзетінде

E-mail Печать PDF
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери полициясы биыл 15 жылдық мерейтойын атап өтті. Әскери полиция 1997 жылы сәуір айында «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары жүйесін одан әрі реформалау шаралары туралы» Президент Жарлығымен құрылды. Оның басты міндеті Қарулы күштерінде құқық қорғауды қамтамасыз ету мен әскери қылмыстардың бетін ашу болып табылады.

Әскери полиция бас басқармасын 90-шы жылдардың соңында генерал-майор Хәкімов Шәміл басшылыққа алды. Ол әскери полицияның құрылуы мен даму ісіне қуатты тыныс беріп, 15 жыл ішінде әскери құрылымдардың арасында берік бөлім ретінде қалыптастырған әскери қызметшілердің бекем негізін құрды.
2005 жылы қабылданған «Әскери полиция органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ҚР Қарулы күштері Әскери полиция органдырының құқықтық негіздерін, ұстанымдарын, міндеттері мен жүйесін анық белгіледі.

Қазіргі таңда ҚР ҚК Әскери полиция бас басқармасының бастығы - әскери полиция органдарында орасан зор тәжірибесі бар офицер – Дандыбаев Тимур.

- Бүгінде әскери полиция органдарында замануи қару-жарақ құралдары және әскери техникамен қамтамасыз етілген төрт әскери полиция жасағы, 16 бөлімі, 4 бөлімшесі және Әскери полиция мамандарын даярлайтын орталығы бар, - деп өз сөзінде полковник Дандыбаев атап өтті. – Қойылған міндеттерді сапалы орындау, әскери полиция қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында әскери полицияның ұзақ мерзімді даму стратегиясы жасалды.

Әскери полицисы қызметінің негізгі екі бағыты бар. Олар: құқық қорғаушылық және әскери қызметтері. Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру шеңберінде әкімшілік практика бөлімшесі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлімшелер құрылған. Жаңа бағыт ретінде діни экстремизмге қарсы жұмыстар қалыптасты.
Ал әскери бағыттың құрамдас бөлігі ол айрықша кезеңде Қарулы күштері жүйесінде әскери полицияның орны мен рөлін анықтау, сонымен қатар жол-комендант қызметін ұйымдастыру болып табылады.

Әскери полиция органдарында Қорғаныс министрлігі басшылығының ерекше тапсырмасымен қызмет ететін жедел әрекет ету бөлімі құрылған. Оның құрамына арнаулы мақсаттағы бөлімшелер кіреді.

Әскери полициясының 15 жылдық мерейтойына орай Қорғаныс министрлігінде салтанатты жиын өтті. Басқарманың жеке құрамы мен ардагерлерін қорғаныс ведомствосында әскери полиция қызметіне жетекшілік ететін Қорғаныс министрінің орынбасары Бағдат Майкеев құттықтады. Ол Қазақстанның әскери полиция органдарына құқықтық тіртіпті сақтау бойынша маңызды тапсырмалардың жүктелгенін және осы қызметтерді әскери қызметшілер адал орындап жатқандығына ерекше көңіл аударды.

- Бүгінге таңда Қарулы күштері құрылымында әскери полиция өз орнын бекем анықтады,- деп Бағдат Майкеев атап өтті.

Әскери және құқықтық тәртіп әскерлердің жауынгерлік даярлығының негізгі құрамдас бөлігі. Бүгінде әскерлердің күнделікті өмірін әскери полициясыз елестету мүмкін емес. Бұл дегеніміз құқықтық тәртіп бұзушылықтың алдын алу, әскери техникаларды алып жүру, гарнизондарды күзету, оқу-жаттығу барысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмысқа жол бермеу, оның бетін ашу сияқты маңызы зор қызметтер.

Әскери полиция қызметінің аса жарқын көрсеткіші – ол 1990-шы жылдардың соңынан бастап тіркелген Қарулы күштердіге құқық бұзушылықтың жыл сайынғы орта есеппен 10-15 % төмендеуі.

Өзінің 15 жыл қызметі барысында әскери полицияның атқарған жұмысы орасан зор десек болады. Әскери бөлімдер басшылығы және тәрбие құрылымдарымен бірлесе отырып, әскерлерде құқық бұзушылықтың саны айтарлықтай төмендеді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Қызықты мақала? Өз ойыңды басқалармен бөліс:

 

домойнаписать письмоrssархив новостей
Сізді әскери өмірдің романтикасы қызықтыра ма ?
 

Кездейсоқ фотосурет

Please wait while JT SlideShow is loading images...
ФотоархивФотоархивФотоархивФотоархивФотоархивФотоархивФотоархивФотоархив

Біз әлеуметтік желідеміз:
Elim-aiТвиттерFacebookВКонтактеKiwiKaztubeYvisionYouTube