Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған үгіт-насихат пойызы елімізді шарлап «Алматы-2» стансасына келді.Салтанатты іс-шарада қазақстандық әскери қызметшілер, десантшы-жауынгерлер, әскери жоғары оқу орындарының курсанттары, қала тұрғындары, студенттер мен оқушылар қатысты.
Аталмыш саяхаттың ұйымдастырушылары Отар, Шымкент, Сарышаған, Өскемен, Аякөз, Сарыөзек, Қапшағай сияқты қалаларда өз жұмыстарын өткізді.
Мерейтойлық құрамның соңғы аялдамасы – Алматы. Ұйымдастырушылар өздерінің саяхат барысында алған әсерлерімен бөлісіп, жұмыстарын 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағында аяқтады.
Үгіт-насихат пойызы өткізген 25 күннің ішінде мерекелік қалыпты қамтамасыз етуде аймақтарда тұрғындармен кездесу, қазақстандық армия ардагерлерінің шеруі, ҚР ҚМ Орталық ансамблі мен еліміздің Қарулы күштері әскери тектерінің шығармашылық топтарының концерттік бағдарламалары, ал мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындарында «Ерлік сабақтары» ерекше орын алды.














