Бүгін ведомство басшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Алқа мәжілісі өтті. Күн тәртібіне сәйкес әскери және екі жақты мақсатта өнім өндіретін отандық кәсіпорындардың өткен жылғы қызметінің қорытындысы шығарылды. Оларды дамытудың келешегі талқыланып, алдағы жылға нақты тапсырмалар қойылды.
Алқа мәжілісінде Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері де сөз болды.
Сонымен қатар, әскерлердегі өткен қысқы кезеңнің қорытындысы шығарылып, алдағы қысқа дайындық жайы да кеңінен талқыланды.
Алқа мәжілісін ашқан Қорғаныс министрі Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың биылғы Жолдауын іске асыру бойынша жұмыстардың тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті. Осы мақсатта индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде ел экономикасына жаңаша серпін беретін қорғаныс өнеркәсібі кешенін қарқынды дамыту жалғасуда.
Жоғарғы Бас Қолбасшы отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар қойды. Сондай-ақ, трансферт, өндірісті локализациялау, мамандарды оқыту және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу сияқты негізгі бағыттарды анықтап берді.
– Біз қазақстандық өнімдердің көлемін арттыруымыз керек, – деді Әділбек Жақсыбеков. – Отандық өнім өндірушілер өндірістік қуатын жаңғыртып, өндіретін өнімдердің номенклатурасын кеңейтіп, жұмыс сапасын жақсартуы қажет. Бұл іс-шаралардың іске асуы қару-жарақ және әскери техникалар паркін жаңғыртуға бағытталған.
Қазіргі таңда Қазақстан Қарулы Күштерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске барынша назар аударылып отыр. Құқық бұзушылықтың бұл түрі бойынша түрлі жиналыстар мен кешенді іс-шаралар ұдайы өткізіліп тұрады. Осының арқасында өткен жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіштерде ілгерлеушіліктер бар.
Министр армияның басшылық құрамына жемқорлық сипаттағы фактілерді түбірімен жоюға қатаң тапсырмалар берді. Бұл індетпен күрес аяусыз жүргізілуі қажет. Мәселемен тек әскери полиция органдары ғана емес барлық деңгейдегі командирлер мен бастықтар айналысуы керек.
Алқа мәжілісінде қаралған үшінші мәселе қысқа дайындық жайы болды. Ә. Жақсыбеков алдағы қысқа дайындықты қазірден бастауға тапсырма берді.
Сондай-ақ, кадр саясаты, білім, әскери қызметшілерді тәрбиелеу сынды өзге де мәселелер қаралды Бұл Елбасының биылғы халыққа Жолдауында да кеңінен қамтылған.
– Біз үшін биылғы жыл өте маңызды, – деді Алқа мәжілісін жапқан Қорғаныс министрі. – Біз бұл мерейтойды жақсы жетістіктермен қарсы алуымыз керек. Бүгінде армиямыз қазақстандықтардың мақтанышына айналды. Әскери қызметтің құрметті артты. Осының бәрі Жоғарғы Бас қолбасшы мен еліміздің көпұлтты азаматтарының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы алдында жеткен жетістігі.

Оксана Парпура
Ермек Сарбасовтың суреті
Ермек Сарбасовтың суреті