gototopgototop
KAZ | RUS | ENG
Бастысы "Жас Ұлан" Республикалық мектебі
ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің әскери-әуе күштері:... » Әуе қорғанысы күштерінің әскери-әуе күштері жаңа 2... Қоян-қолтық ұрыстан халықаралық турнир өтті » Қоян-қолтық ұрыстан халықаралық турнир өтті. Осыме... ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінде ең үздік боксшылар ... » Алматыда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Аэр... «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір б... » Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сардар... Отандық тікұшақтар сынақтан өткізілді » Отандық «Еурокоптер» тағы да әуеге көтерілді.{yout... ҚР ҚК Бас штабының бастығы НАТО әскери комитетінің... » Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарул... Семейде «қазақ күресінен» ҚР Қарулы Күштерінің чем... » Бүгін Семей қаласында Қазақстан Республикасы Қарул... Қазақстан Қорғаныс министрі Израиль Президентімен ... » Иерусалимде Израильге ресми сапар шеңберінде Әділб... Қазақстан мен Израиль қорғаныс министрлері әскери-... » 2014 жылғы 20 қаңтарда Тель-Авивте Қазақстан Респу... ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Елбасы қо... » Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы ба...

Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" республикалық мектебі

E-mail Печать PDF
Мектеп мемлекеттік және шет тілдерін, әскери пәндерді терең оқытумен және күшейтілген дене даярлығымен орта жалпы білім беру оқу орны ретінде «Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі» мемлекеттік мекемені құру мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы  27 наурыздағы № 309 қаулысына сәйкес құрылды.
Мектеп интернат түріндегі оқу орны болып табылады, мектептің тәрбиеленушілері ұландар деп аталады.
 
Мектеп мынадай қызмет түрлерін:
1) ұландардың шығармашылық, рухани және дене бітімін дамытуға мүмкіндіктерді дамытады, адамгершілік пен салауатты өмір салтының тұрақты негіздерін қалыптастырады, дарашылдықты дамыту үшін шарттар жасау жолымен санатшылдығын байытуды;
2) азаматшылықты және патриотизмді, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халықтың әдет-ғұрпын қадірлеуге, кез келген конституцияға қарсы және қоғамдық көріністерге қарсы төзбеушілікке тәрбиелеуді;
3) әлемдік және отандық мәдениеттің қол жеткізулерін жинақтауды; қазақ және республиканың басқа да халқының тарихын, дәстүрі мен әдет-ғұрпын зерделеуді;
4) мемлекеттік, орыс және шет тілдерін меңгеруді;
5) оқытудың жаңа технологияларын енгізуді, білім беруді ақпараттандыруды;
6) жоғары жалпы мәдениетті, адамгершілікті, моральдық-психологиялық, іскерлік және ұйымдастырушылық қасиеттерін қалыптастыруды;
7) ұландарда ар-намысты, адамгершілікті, адамның құқықтары мен бостандығын сыйлауды дарытуды;
8) білім беру процесінің құрамдас бөлігі және мектеп қызметінің негізгі бір түрі болып табылатын тәрбие жұмыстарын жүргізуді жүзеге асырады.
 
Мектептің негізгі міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамдық қасиеттер негізінде тұлғаның қалыптасуына, дамуына және кәсіби қалыптасуына, ғылым мен практиканың қол жеткізулеріне бағытталған мемлекеттік және шет тілдерін және әскери пәндерді терең оқытумен және күшейтілген дене даярлығымен ұландардың жалпы орта білім алуы үшін қажетті жағдай жасау;
2) әскери-кәсіби бейімдеу болып табылады.
 
Мектеп тәрбие жұмысының негізгі міндеттері:
1) Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, ұландарда патриотизм мен интернационализм, халқына және еліне, оның Коституциясына, Республиканың Үкіметіне, Қарулы Күштеріне деген адалдық сезімін дарыту, дәстүрлерді құрметтеу;
2) қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарау;
3) ұландарда жоғары адамгершілік, моральдық-еріктік және психологиялық қасиеттерді дарыту;
4) ұландарда құқықтық сананы қалыптастыру, ұжым өмірінің нормаларын сыйлауға тәрбиелеу, құқықтық тәрбиелеу, жоғары құқық мәдениетін және тәртіптілікті қалыптастыру;
5) болашақ офицердің жоғары рухани және адамгершілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұландарды эстетикалық дамыту, оларда әдемілікке деген сүйіспеншілікті дарыту;
6) салауатты өмір салтына, дене бітімін жетілдіруге қажеттілікті тәрбиелеу;
7) ұландарды әскери оқу орындарында оқыту үшін даярлау мақсатында әскери кәсіптік бейімдеу болып табылады.
 
Мектеп заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) орта жалпы білім берудің екі дәрежедегі жалпы білім беру бағдарламаларына сәйкес білім беру процесін жүзеге асырады: негізгі (7-9 сыныптар) және жоғары (10-11 (12) сыныптар);
2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (басымдық құқығы бар) және басқа да мемлекеттердің әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін бітірушілерді жібереді;
3) мектепті белгіленген нормалар бойынша оқулықтармен, оқу-әдістемелік және көркем әдебиетпен, спорттық мүкәммалмен, тренажерлермен және басқа да жабдықтармен қамтамасыз ету жөнінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен өзара іс-қимыл жасайды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
 
 
Мектептің мекенжайы: 010000, Астана қаласы,Қорғалжын тасжолы, 3 үй.  тел. 48-11-37 (кезекші)

Қызықты мақала? Өз ойыңды басқалармен бөліс:

 

домойнаписать письмоrssархив новостей
Сізді әскери өмірдің романтикасы қызықтыра ма ?
 

Кездейсоқ фотосурет

Please wait while JT SlideShow is loading images...
ФотоархивФотоархивФотоархивФотоархивФотоархивФотоархивФотоархивФотоархив

Біз әлеуметтік желідеміз:
Elim-aiТвиттерFacebookВКонтактеKiwiKaztubeYvisionYouTube