gototopgototop
KAZ | RUS | ENG
Бастысы Баспасөз қызметі Оқу-әдістемелік жиыны
ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің әскери-әуе күштері:... » Әуе қорғанысы күштерінің әскери-әуе күштері жаңа 2... Қоян-қолтық ұрыстан халықаралық турнир өтті » Қоян-қолтық ұрыстан халықаралық турнир өтті. Осыме... ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінде ең үздік боксшылар ... » Алматыда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Аэр... «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір б... » Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сардар... Отандық тікұшақтар сынақтан өткізілді » Отандық «Еурокоптер» тағы да әуеге көтерілді.{yout... ҚР ҚК Бас штабының бастығы НАТО әскери комитетінің... » Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарул... Семейде «қазақ күресінен» ҚР Қарулы Күштерінің чем... » Бүгін Семей қаласында Қазақстан Республикасы Қарул... Қазақстан Қорғаныс министрі Израиль Президентімен ... » Иерусалимде Израильге ресми сапар шеңберінде Әділб... Қазақстан мен Израиль қорғаныс министрлері әскери-... » 2014 жылғы 20 қаңтарда Тель-Авивте Қазақстан Респу... ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Елбасы қо... » Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы ба...

Өзекті тақырып

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар.
17/01/2014

Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы.  Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті.   


Оқу-әдістемелік жиыны

E-mail Печать PDF
Жамбыл облысы Гвардейск гарнизонының құрылымдары мен әскери бөлімдері базасында 21-25 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басшылық құрамымен оқу-әдістемелік жиыны  өткізілмек. Жиынға қатысушылардың құрамына Қарулы Күштер әскер түрлерінің Бас қолбасшылары, Өңірлік әскерлер қолбашылықтарының қолбасшылары, әскери құрамалар командирлері мен олардың орынбасарлары, сержанттық корпустың өкілдері және әскери ведомствоның құрылымдық бөлімдерінің   басшылары енгізілді.

Бұл жиында Қазақстан армиясының әскер  басшылары ату және дене даярлығы, әскери машиналарды жүргізу, жетекші құжаттарды білуі бойынша  практикалық емтихан,  психологиялық тесттер тапсырып,   командалық-штабтық әскери ойындарға қатысады.

Сонымен қатар, басшылық құрамға лекциялар оқылып, оқу-жаттығу алаңында батальондық-тактикалық  көрсетілім оқу-жаттығулары және  жауынгерлік  машиналар паркінде парктік-шаруашылық жұмыстары көрсетіледі.

Сынақтарды қабылдауға және лекциялық сабақтарды жүргізуге арнайы топ құрылған.  Оның құрамына Қорғаныс министрлігі және Штабтар бастықтары комитетінің түрлі құрылымдық бөлімдерінің өкілдері енді.

Жиынға жетекшілікті  және жалпы даярлық жұмыстарына басшылық жасауды Қорғаныс министрлігі орталық аппаратының  бір топ офицерлері жүзеге асырды.  Бұл топқа басшылық жасаушы - Штабтар бастықтары комитеті төрағасының бірінші орынбасары генерал-майор Уәли Еламанов.
 
-    Жиын жетекші құрам офицерлерінің кәсіптік  деңгейлерін көрсетуімен қатар үйренуіне үлкен мүмкіндік береді.  Оқу-әдістемелік  және көрсетілім жаттығулары  командирлердің жауынгерлік, техникалық, тылдық және моральдық-психологиялық жұмыстарды ұйымдастыруда бірыңғай әдістемені жетілдіруге көмектеседі.  Офицерлер тәжірибелерімен алмасып, өздерінің далалық біліктіліктерін шыңдайды, басқа құрылымдармен бірлесе отырып, тапсырмаларды шешуге даярланады – деп атап көрсетті.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің  басшылық құрамымен өткізілетін жиын төрт күн өтеді.  Соңғы күні қорытынды шығарылып,  сынақтар, практикалық сабақтар және тесттер нәтижелері  жарияланады.

Басшылық құрам офицерлерінің  кәсіптік деңгейін  анықтау - өткізілгелі отырған жиын мақсаттарының бірі ғана. Басты мақсат:  әскери басқарма органдарының күнделікті жұмысында жедел және жауынгерлік даярлықта жетекшілік жасау бойынша бірыңғай әдістемені жетілдіру. Сондай-ақ жиын барысында офицерлердің алған білімі әскерлердің жедел және жауынгерлік даярлықтың алдыңғы қатарлы тәжірибелерін  енгізуге көмектеседі.

Оқу-әдістемелік жиынын өткізу кезінде Гвардейск гарнизонына Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі  Әділбек Жақсыбеков және оның бірінші орынбасары – ҚР ҚМ Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы  генерал-полковник Сәкен Жасұзақов келеді деп жоспарлануда.

Дина МУХАРИНОВА
 

Қызықты мақала? Өз ойыңды басқалармен бөліс:

 

домойнаписать письмоrssархив новостей
Сізді әскери өмірдің романтикасы қызықтыра ма ?
 

Кездейсоқ фотосурет

Please wait while JT SlideShow is loading images...
ФотоархивФотоархивФотоархивФотоархивФотоархивФотоархивФотоархивФотоархив

Біз әлеуметтік желідеміз:
Elim-aiТвиттерFacebookВКонтактеKiwiKaztubeYvisionYouTube